Тоқаев: Қазан айында ЕАЭО-дағы инфляция деңгейі 11,5 пайыз болды
Сурет: primeminister.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында қазан айында Одақ көлемінде инфляция 11,5% болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, халықаралық ұйымдардың болжамдары көңіл көншітпейді.
"Халықаралық валюта қоры 2023 жылы әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамды 2,7 пайызға, Дүниежүзілік сауда ұйымы 1 пайызға дейін төмендетті. Осыған орай Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегі бойынша, ЕАЭО-ға мүше елдердегі тұтыну бағасы өсіп келеді". ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Ол қазан айында Одақтағы инфляция деңгейі 11,5 пайыз болғанын атап өтті. Оның негізгі өсімі азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға тиесілі. Мұның бәрі азаматтарымыздың сатып алу қабілеті мен әлеуметтік әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript