Жел, тұман, жаяу бұрқасын: Қазақстанның төрт өңірінде ауа райы қолайсыз болады
13 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.
Петропавлда 13 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын болады. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні - 15-20 м/с.
13-15 желтоқсанда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с сақталады.
13 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Тау асуларында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда күші - 15-20 м/с.
Шымкентте 13 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.
Түркістанда 13 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады.
13 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.