ШҚО-да республикалық тас жолда ауа райының қолайсыздығынан көлік қозғалысы шектелді
Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы аралығындағы жолда жүк және қоғамдық автокөліктер қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бқл жөнінде Zakon.kz тілшісіне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.
Қозғалысты шектеу бойынша жедел ақпарат
"ҚазАвтоЖол" таратқан ақпаратқа сүйенсек, шектеу 2022 жылғы 13 желтоқсанда сағат 8.30-да енгізілді.
"Шығыс Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты "Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" күре жолының 105-123 шақырымдары аралығында жүк және қоғамдық автокөліктер қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл – Шемонаиха қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі учаске" – делінген хабарламада.
Сондай-ақ "Қазгидромет" РМҚ синоптиктері 13-15 желтоқсан аралығында Қазақстанның төрт өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын болжады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript