Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы жоғары оқу орындары үш айда 1 мың келіден астам қалдық жинаған

Қалдық, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2022 20:19 Сурет: plasnet
Алматыдағы жоғары оқу орындарында PlastNet пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу кәсіпорындары желісінің бастамасымен "Қалдықтарды сұрыпта – бізде өзге планета жоқ" жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Жоба пластикалық және басқа да қалдықтарды жинау және қайта өңдеу үлесін ұлғайтуға, сонымен бірге жастар арасында саналы экологиялық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған.  

Жобаның бастамашылары қалдықтарды бөлек жинауға болатынын және мұның еш қиын емес екенін көрсетуге, сонымен бірге оны қалай дұрыс жасау керегін нақты көрсетуге ниетті.

Үш ай бойы Алматы технологиялық университетінің, қазақ ұлттық қыздар педагогикалық институтының және Алматы энергетика және байланыс институтының оқу ғимараттарында пластик, қағаз қалдығы, сонымен бірге алюминий мен шыны қалдықтары бөлек жиналып жатыр.

ЖОО-лардың аумағында қайталама шикізат пен қайта өңделмейтін қалдықтарды бөлек жинауға арналған 258 мамандандырылған эко-бокс орнатылған. Үш айда жоғары оқу орындарында 1 150 келі қайталама шикізат жиналды.

Эко-клуб мүшелері Дүниежүзілік тазалық күніне арналған сенбілікке қатысты. Сенбілік барысында жиналған 40 килограмнан астам пластик қалдықтары қазақстандық мамандандырылған компанияларға одан әрі қайта өңдеуге жіберілді.       


Қалдық, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2022 20:19

Сурет: plasnet

Контейнерлер толған кезде жиналған пластик қалдықтары мамандандырылған базаға әкетіледі, онда олар таңбалауға сәйкес әрі қарай сұрыпталады, престеледі және отандық кәсіпорындарға, оның ішінде Green Technology Industries ПЭТ пластикті қайта өңдеу зауытына, Kagazy Recycling қағаз қалдығын картоға қайта өңдеу зауытына және Karina Trading қағаз қалдығын дәретхана қағазына қайта өңдеу зауытына одан әрі қайта өңдеуге жіберіледі.

Қалдықтарды бөлек жинау жүйесінде тек пластик қалдықтарына ғана емес, сонымен қатар алюминий мен шыны қалдықтарына да назар аударылады, бірақ көлемі бойынша пластик пен қағаз қалдықтары басым болып тұр. Қалдықтарды бөлек жинауға дұрыс көзқарасты қалыптастыру үшін дәйектілік пен тәртіп маңызды, ал экологиялық білім берудің саналы тәсілі мен негіздерін ересек өмірдегі жауапты мінез-құлықтың негізі ретінде адамның жас кезінде қалыптастырған жөн деген пікірді ұстанады жобаны ұйымдастырушы пластмасса жинайтын және қайта өңдейтін PlastNet кәсіпорындар желісі.  


АЭжБУ ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры, Алмас Саухимов бөлек жинау идеясын ынтамен қабылдаған студенттер тарапынан жобаға мұндай қызығушылықты күтпегенін айтады.

Бағдарламаға қатысу ниетін Астана, Қарағанды жоғары оқу орындарының өкілдері білдірді, сонымен бірге Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде қалдықтарды бөлек жинау бойынша алғашқы қадамдар жасалған. Жобаны ұйымдастырушылар тек оқу орындарында ғана емес, жеке компанияларда да қалдықтарды бөлек жинау бойынша бастамаларды белсенді енгізіп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: