Түркістан облысында 11 млн теңгенің малын сатып жіберген бақташы ұсталды
Алайда 3 айдан соң малдарын санағанда бір бөлігі жоқ болып шыққан.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысы бар бақташыны, яғни бұрын сотты болған Ордабасы ауданының тұрғынын құрықтады.
Анықталғандай, күдікті ер адам малдардың көп бөлігін иемденіп, сатып, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жалпы, жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 11 миллион теңгеден асты, деп жазады Polisia.kz.
Қазіргі уақытта бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтауда.