Еліміздің үш облысында республикалық жолдар жабылды
Шектеу Қарағанды облысының алты республикалық тас жолында енгізілді:
- Екатеринбург – Алматы. 1492 – 1854-шақырым аралығы. Қарағанды қаласынан Балқаш қаласына дейінгі аралық.
- Екатеринбург – Алматы. 1426 – 1457-шақырым аралығы. Теміртаудан Қарағандыға дейінгі аралық.
- Қарағанды – Аягөз – Бұғаз. 17– 219-шақырым аралығы. Қарағанды қаласынан Қарқаралы қаласына дейінгі аралық.
- Қызылорда – Павлодар. 967 – 1066-шақырым аралығы. Қарағандыдан Молодёжный ауылына дейінгі аралық.
- Қызылорда – Павлодар. 762 – 906-шақырым аралығы. Атасу ауылынан Топар ауылына дейінгі аралық.
- Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Керней – Ботақара. 231-324-шақырым аралығы. Павлодар облысының шекарасынан Ботақара ауылына дейінгі аралық.
Павлодар облысында Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Керней – Ботақара тас жолындағы 0–231-шақырым аралығындағы Қалқаман ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеулер енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысында өздігінен қар көшкіні жүру қаупіне байланысты Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахманов бұлағы көлік трассасындағы 6 – 66-шақырым аралағында, яғни Ушановское ауылынан Серебрянск қаласына дейін автокөліктің барлық түріне жүруге шектеу қойылды. Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы тас жолындағы 36 – 123-шақырым аралығы, яғни Предгорное ауылынан РФ шекарасына дейін жабылды.