Қарағанды облысындағы екі жол учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабылды
Сурет: pixabay
"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ баспасөз қызметі Қарағанды облысындағы трассаның екі учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабық екенін хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызылорда-Павлодар автожолында Молодежный кентінен Павлодар облысының шекарасына дейінгі 1065-1135 шақырым учаскеге қозғалысты шектеу енгізілді.
Сонымен бірге Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейінгі 1135-1206 шақырым учаскеде.
Бұл шектеулер қолайсыз ауа райына байланысты енгізілген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript