Тұман және жел: республиканың бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптектердің болжамына қарағанда, Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Қызылорда қ.: 25 желтоқсанда жел солтүстік-шығыстан соғады, күші – 15-20 м/с.
Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыс желі 15-20, екпіні – 23-28 м/с.
25-26 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы 25, түнде 26 желтоқсанда екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қ.: 25-26 желтоқсанда тұман күтіледі.