Алматыда жер сілкінді
Cурет: Zakon.kz
Алматыда 2022 жылғы 28 желтоқсанда сағат шамамен 23:17-де жер сілкінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖСШ-нің хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 261 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында, Қытаймен шекарада болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13.4. MPV 6.2 магнитудасы.
Эпицентрдің координаттары – 41.83° С. Е. 79.49° ш. б.
Тереңдігі – 25 шақырым.
Алматыда 2-3 балл (MSK-64 шкаласы бойынша).
Құтқарушылардың хабарлауынша, қалада қираған немесе зақымданған ғимараттар, басқа да объектілер жоқ.Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript