Екібастұзда тағы бір коммуналдық апат болды
Сурет: instagram/pavlodar_region
Бүгін, 30 желтоқсанда Екібастұздың "Горводоканал" ҚКК жөндеу жұмыстары кезінде ЖЭО-на арналған d500 мм техникалық құбыры бүлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл ақау қаланы ауыз сумен қамту жүйесіне қатысты емес.
"2022 жылғы 30 қаңтардағы сағат 22:11-гі жағдай бойынша ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ЖЭО-ғы су қоры үздіксіз жұмыс үшін жеткілікті. Апат орнында "Горводоканал" ҚКК-ың мамандары жұмыс істеп жатыр, ақауды жоюдың жоспарлы уақыты - 2022 жылғы 31 қаңтардың түнгі сағат біріне дейін", - делінген хабарламада.
Екібастұздағы апат болған жерде облыс әкімі Асайын Байханов, оның бірінші орынбасары Хасар Қабылбеков, Екібастұз әкімі Аян Бейсекин, Павлодар облысы ТЖД-ің бастығы Жасұлан Жұмашев барды, ақауды жоюға ТЖ, "Горводоканал" ҚКК, "Екібастұзжылуэнергиясы" ЖШС-ің ресурстары жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript