Парижде екі азамат "вокзалды жарып жібереміз" деп қорқытты
Сурет: wikipedia.org
Париждегі Монпарнас станциясындағы екі адам ғимаратқа газ қоспаларын әкеліп, "бәрін жарып жібереміз" деп айқайлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Figaro газетінің жазуынша, "терроризмді қоздырды" деген күдіктілер ұсталды. Олардың жанында 9 газ баллон болған.
Ұсталғандардың кім екені анықталды – 51 жастағы француз Эрик және 29 жастағы ливиялық Абдельвахед. Ер адамнан табылған газ зиянсыз болып шықты, олардан тұтандырғыш құрылғылар табылмаған.
Саперлер вокзалды тінтті, бірақ күдік тудыратын басқа ештеңе таппады. ІІМ басшысы Жеральд Дарманен префектураға қаладағы барлық вокзалды қорғауды күшейтуді тапсырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript