Германиядан Астанаға келе жатқан ұшақ ауа райының қолайсыздығынан кері ұшып кетті
Сурет: Zakon.kz
Бортында 123 жолаушысы бар Lufthansa ұшағы Қазақстан астанасына қонуы керек еді. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты ол Франкфуртке қайта ұшып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Франкфурт – Алматы – Астана бағытында келе жатқан Lufthansa ұшағы Астана әуежайындағы тұман салдарынан Бакуге қонды, деп жазды Sputnik Әзірбайжан басылымы.
Бортында 123 жолаушысы бар әуе лайнері жергілікті уақыт бойынша 06:58-де (Астана уақыты бойынша 08:58) Баку әуежайына қонды.
Ал 08:38-де (Астана уақытымен 10:38) ұшақ Франкфуртқа қайта ұшты.
4 қаңтарда ауа райының қолайсыздығынан Астана әуежайында 28 рейс кешігіп жатқаны мәлім болды. Әуе айлағының баспасөз қызметі әуежайда, оның ішінде ұшу-қону жолағындағы қар күреліп жатқанын хабарлады.
Астанада бұрқасын екінші күн жалғасып жатыр. Ал Алматыда 4 қаңтар күні таңертеңнен бері қар жауа бастады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript