Жаңалықтар тізбегі
0

Бас прокурор қаралы қаңтар кезінде 238 адам қандай жағдайда қайтыс болғанын айтты

Алматы, Бас прокурор, шерушілер, адам өлімі, қаңтар құрбандары, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2023 13:53 Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Мәжілісте өткен жылғы қаңтар оқиғасының жаңа мәліметтерін таныстырды. Ол сондай-ақ 238 адамның өлімінің мән-жайын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

ҚР Бас прокуроры қасіретті қаңтар оқиғасында шабуылды тойтару кезінде, төтенше жағдай мен антитеррористік операция барысында 238 адам қайтыс болғанын еске салып өтті.

"Оның ішінде 41 адам бұрын сотталған. Қаза болғандар саны туралы мәлімет дұрыс, жүргізілген тергеу аясында мұқият тексерілді. Соның ішінде 67 адам шабуылдаушы болып танылды, яғни олар жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілер, 142 адам төтенше жағдай мен антитеррористік операция режимін бұзушылар, 4 адам басқа қылмыстар жасау кезінде өлген".Берік Асылов

Оның айтуынша, 151 адам Алматыда қайтыс болды. Олардың көбі Президент рзиденциясын шабуылдау кезінде қаза тапқан. Қызылорда (26), Шымкент (20) және Тараз қалаларында (17) кісі шығына болған.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: