Қазақстанда тағы 202 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бір тәулік ішінде Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 202 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір күн бұрынғы деректермен салыстырғанда КВИ-ға шалдығушылар саны шамалы төмендеген. Алдыңғы күні коронавирус инфекциясын жұқтырудың 211 жағдайы тіркелген болатын.
7 қаңтардағы мәлімет бойынша, елімізде 2 437 адам коронавирус инфекциясынан (–2 295+ және 142 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 272-сі стационарда, 2 165 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 15 адамның жағдайы ауыр,
- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript