Алматы – Петропавл арасындағы тальго пойызының рейсі екі есе қысқарды
Сурет: ҚТЖ
2023 жылғы 14 қаңтар мен 6 наурыз аралығында "Алматы-2 – Петропавл" арасындағы пойыз күнара қатынайды, бұл пойыз бұған дейін күн сайын жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған "Жолаушылар тасымалы" АҚ техникалық себептерге байланысты №105/106 Тальго құрамын жөндеу жұмыстарын жүргізуі себеп болған.
- Алматыдан қаңтар айында - тақ күндері, ақпан/наурыз айларында-жұп күндер бойынша;
- Петропавлдан қаңтар айында - жұп күндері бойынша, ақпан/наурыз айларында тақ күндері бойынша жүреді.
"Жолаушыларға тоқтатылған рейстерге бұрын ресімдеген жол жүру құжаттарының толық құнын қайтару жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидасына сәйкес жүргізіледі. Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript