Руслан Әйтімов Атырау прокуроры болып тағайындалды
Сурет: Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
Бас прокурордың бұйрығымен Руслан Әйтімов Атырау қаласының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Руслан Әйтімов 1981 жылы туған.
Прокуратура органдарында 2004 жылдан бастап қызмет етеді.
Қызмет жолында Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі, Атырау прокурорының көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының бөлім прокуроры, Атырау облысы табиғат қорғау прокурорының орынбасары, Атырау облысы прокурорының көмекшісі, Атырау облысы прокуратурасының басқарма бастығы лауазымдарын атқарды.
2019 жылдың тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Исатай ауданының прокуроры болды.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript