Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Сурет: tvcenter.ru
Грузин және кеңес әртісі, киноактер, кинорежиссер, эстрада әншісі және бірнеше әннің авторы Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Вахтанг Кикабидзе 1938 жылы шілденің 19-ында Тбилисиде дүниеге келген. Грузияның халық әртісі. Орысша және гүржі тілінде бірнеше әндерінің авторы әрі орындаушысы, солардың арасында "Мои года". Кикабидзенің режиссерлік жұмыстары – "Будь здоров, дорогой" (1981 ж.) және "Мужчины и все остальные" (1985 ж.).
Ол кеңес кинематографының әйгілі фильмдерінің бірінде – Георгий Данелия түсірген "Мимино" фильмінде бас кейіпкердің - гүржі текті Кеңес одағының азаматы Валентин Константинович Мизандари есімді ұшқыштың рөлін ойнаған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript