Жаңалықтар тізбегі
0

Бас прокуратура экстрадицияланған қазақстандықтардың есімін жариялады

ҚР Бас прокуратурасы, қылмыс, экстрадиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2023 10:48 Сурет: pexels
Қазақстанның Бас прокуратурасы 2022 жылы шет мемлекеттер іздеуде жүрген адамдарды ұстап беру туралы 50 өтінішті қанағаттандырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Қадағалаушы орган таратқан мәлімет бойынша, өткен жылы Бахрейн Корольдігінен кәмелетке толмағандар саудасына, атап айтқанда, қыздарды Қазақстаннан Бахрейнге жыныстық пайдалануға жібергені үшін күдікті А.Пичугина ұстап берілген.


"Сол сияқты "РБК Банкі" АҚ-ның 15 млн доллардан астам сомасын ұрлады деген күдікті В.Власовты, қаржы пирамидасын ("Qi TRADE Kazakhstan", "Выгодные займы") құрғаны және басшылық еткені үшін іздеуде жүрген С.Абсаметованы, Б.Томинді және Е.Шарифуллинді, сондай-ақ 1 млрд теңгеден астам сомаға алтыны бар материалды қылмыстық топтың құрамында ұрлағаны үшін А.Тимаковты Ресей ұстап берді".ҚР Бас прокуратурасы

Сондай-ақ:

  • Трансұлттық ұйымдасқан топтың құрамында аса ірі мөлшерде алтын мен зергерлік бұйымдардың экономикалық контрабандасы үшін іздеуде жүрген Тастан Эбубекирді ұстап беру туралы сұранысты Қырғызстан қанағаттандырды.
  • Атыс қаруын қолдану арқылы ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген О.Иссалы мен Б.Исабеков Тәжікстаннан экстрадицияланды.
  • Алаяқтық жолымен 288 млн теңгені ұрлағаны үшін Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеп жүрген А.Смалбаеваны Өзбекстан тарапы ұстап берді.

Бас  прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде шетелден заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс жүргізуде, оған Бас прокурор басшылық жасайды.

"Үкіметпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі қосымша шаралар кешенін қамтитын заң жобасын әзірленіп жатыр".  Бас прокуратураның баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: