Жаңалықтар тізбегі
0

Бас прокуратура Челахтан әлі жауап алған жоқ

Владислав Челаз, Арқанкерген, Бас прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2023 11:57 Сурет: gov.kz
Бас прокуратура "Арқанкерген" бекетінде 15 адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың апелляциялық шағымын әлі қарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.


"Оның арызын қарап жатырмыз. Нәтижесі бойынша оған жауап береміз. Тергеу болған жоқ". Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев

22 желтоқсанда Владислав Челахтың өтініші Бас прокуратураға түскені белгілі болды.

Бұған дейін ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ісі бойынша тергеуді жалғастыруды және одан жауап алуды сұраған еді. Тұтқында отырған Челах қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып беруге дайын екенін жеткізді.

2012 жылғы мамыр айының соңында "Арқанкерген" уақытша шекара заставасының байланысы тоқтап, ол жерге басқа заставадан шекара наряды жіберілді. Келген шекарашылар казарманың ғимараты өртеніп кеткенін, оның ішінде 14 мәйіт жатқанын анықтады. Сондай-ақ жақын маңдағы аңшылар үйінен қорықшының денесі табылды.

Бірнеше күннен кейін тірі қалған жалғыз шекарашы, 19 жастағы қатардағы сарбаз Владислав Челах ұсталды. Алғашында ол әріптестері мен аңшыны өлтіргенін мойындады, бірақ кейін бұл айғақтарынан бас тартты.

2012 жылғы 11 желтоқсанда қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған әскери сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Кейін Челах ісін Жоғарғы соттың кассациялық сатысында қарау туралы өтініш берді. Ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын алып тастауды және құқығын бұзғаны үшін 30 миллион теңгені өтеуді, істі қосымша тергеуге жіберуді сұрады. Ол БҰҰ комитетінің оған қатысты Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 14-бабы бұзылды деген шешімін негізге алды. Алайда оның өтініші қабылданбады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: