Зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағының жартысын ала ала ма
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген зейнеткерлерге зейнетақы жинағының 50% алуға болатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жөнінде Zakon.kz тілшісіне "БЖЗҚ" АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
БЖЗҚ мамандарының мәлімдеуінше, зейнеткерлер міндетті зейнетақы жарнасын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу мақсатында ғана ала алады. Бұл жағдайда бірқатар шарт орындалуы керек.
"Зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етуі керек. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының МЗЖ және МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс.""БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметі
Осыған байланысты БЖЗҚ халықты әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген, жинақтардың 50% алу мүмкіндігі туралы жалған хабарламаларды елемеуге шақырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript