Аспаз және тәрбиеші: Қазақстанда жоғары сұранысқа ие мамандықтар қандай
Сурет: pixabay
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы елімізде сұранысқа ие мамандықтар тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Электрон еңбек биржасының мәліметінше, желтоқсан айында жылжымайтын мүлік агенттеріне, әлеуметтік қызметкерлерге, күзетшілер мен менсанитарларға, аспаздарға, сонымен бірге тәрбиешілер мен олардың көмекшілеріне сұраныс жоғары болған. Бос жұмыс орындары әсіресе, Алматы, Түркістан облысында көп. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.
"Желтоқсан айында білікті қызметкерлерге жоғары сұраныс байқалды, 58,7 мың бос жұмыс орнын ұсынушылар жұмыс іздеушілерден кәсіби біліктіліктің болуын талап етті. Алайда бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда төмен. Алдыңғы айда қажеттілік 69%-ға тең болған еді"."Еңбек ресурстарын" дамыту орталығы" АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript