Риддерде жылу электр орталығы өртеніп жатыр
Видео Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланған.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Ведомствоның хабарлауынша, облыс әкімі Даниал Ахметов Риддерге аттанған.
"Штаб отырысының қорытындысы бойынша ресми ақпарат беріледі", - деп қосты әкімдіктегілер.
4 қаңтарда "Риддер ЖЭО" АҚ-да багер станциясын су басып кеткені хабарланған еді. Айта кетейік, бұл туралы әкім әлеуметтік желіде хабарлады. Сонымен қатар бұған дейін қаладағы жылу электр орталығындағы 2 қазандық істен шыққан. Қайғылы оқиға бірнеше сағатта жартылай жойылды.
Сонымен қатар Риддер тұрғындары бірқатар оқиғалардан кейін жылуды қайта есептеуді талап етті.
Риддер ЖЭО-ны жөндеуге 200 млн теңге берілді. Тіпті жаздың өзінде компанияның бұл ақшасын жылу үшін алдын ала төлем ретінде жергілікті мектептер мен ауруханалар жинап берген. Бірақ электр нысанында ешқандай жұмыс жүргізілмеген дейді облыс әкімдігінде.
Сонымен қатар компания басшылығы сонау қыркүйекте тұтанған өртті жасырған. Ал қазір ЖЭО бюджетінде көмірге төлейтін ақша жоқ.