Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында жылыжайлар қирап, өнімдері үсіп кетті

Шымкентте жылыжайдағы өнімдер үсіп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2023 01:12 Сурет: otyrar.kz
Түркістан облысының жылыжайларындағы өнімдер үсіп кетті. Қалың жауған қардың салдарынан тіпті кейбір жылыжай қирап қалған, деп хабарлайды Zakon.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Кәсіпкерлердің айтуынша, бұған себеп – көмірдің тапшылығы әрі сапасыздығы.

"Көмір қыздыра алмайды. Қыздырған күннің өзінде енді бізге керекті градусты бере алмайды да, сол себепті өнімдер үсіп жатыр", - дейді жылыжай басқарушысының көмекшісі Серік Мұстафаев.

Бас агроном Мерей Терлікаевтың сөзінше, жылыжайдан 1200-1300 тоннадай өнім алуы керек болған. Алайда 250 тонна ғана өнім терген, қалғаны үсіп кеткен. 

Тек бұл емес, Түркістан облысы аумағындағы жылыжай иелерінің көпшілігі шығынға батқан. Сарыағаш пен Қазығұрт ауданындағы кейбір жылыжай қалың қар мен аязға шыдамай құлап қалған. 

"Сарыағаш ауданының тұрғындары мен шаруаларын әлеуметтік көмірмен қамтамасыз етуді тез арада шешу керек. Бүгінгі таңда Сарыағаштың көмір базаларында халыққа қажетті көмір жоқ деп айтуға болады. Ал жылыжайлар өнімінің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, оларға да қосымша көмір бөлу мәселесі ушығып тұр". ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: