Қостанай облыстық ауруханасының перинатал орталығында әйел қайтыс болды
Сурет: pixabay
Қостанай облыстық ауруханасының перинатал орталығында әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл деректі облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Баймағамбетов растады.
Alau.kz порталы таратқан ақпаратқа қарағанда, бала аман қалған.
Ведомство өкілі болған оқиғаның егжей-тегжейін тергеу мен медициналық этиканы алға тартып, айтудан бас тартты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript