Перудегі шеруде 200-ден аса адам тұтқындалды
Сурет: pexels
Перу полициясы ел астанасындағы университеттердің бірінен 200-ден аса адамды тұтқындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәртіп сақшыларының сөзінше, беттерін тұмшалаған адамдар ғимаратқа баса-көктеп кіріп, қауіпсіздік қызметкерлерінің құрал-жабдықтарын тартып алған, деп жазады qazaqstan.tv.
Тәртіп бұзушыларды шығару үшін полиция кампустың қақпасын танкпен құлатуға мәжбүр болды. Елде билікке қарсы шеру желтоқсанның басынан бері жалғасып жатыр.
Қауіпсіздік күштері мен демонстранттардың қақтығысуынан осы кезге дейін 46 адам қаза тапқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript