Қазақстандықтар Бакуге қайта ұша алатын болды
Сурет: pixabay
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Әзірбайжан Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, "Әзірбайжан Хава Йоллары" әуе компаниясының Баку – Астана және Баку – Алматы бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта жаңғырту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Комитет таратқан ақпарат бойынша, Әзірбайжан әуе компаниясы
- осы жылдың 10 наурызынан бастап Баку – Астана бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (бейсенбі, сенбі күндері);
- жылдың 11 наурызынан бастап Баку – Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, жексенбі күндері) тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр.
Рейстер А-319/Е-190/Б-757 типті әуе кемелерінде орындалады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript