Атырау прокурорының жас орынбасарлары тағайындалды
Сурет: ашық дереккөз
Облыс прокурорының бұйрығымен Атырау прокурорының орынбасарлары болып 29 жастағы Мирас Жалмұрзин мен 33 жастағы Серік Ищанов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz "Ақ жайық" басылымына сілтеме жасап.
Мирас Жалмұрзин еңбек жолын Құрманғазы аудандық прокуратурасында бастаған, кейін қалалық және облыстық прокуратурада прокурор болды.
Серік Ищанов қызметін 2012 жылы Астанада бастаған. Астана прокурорының көмекшісі болып жұмыс істеді, кейін Атырауға оралғаннан соң прокуратурасы басқармасының прокуроры болды, облыстық прокуратурада жұмыс істеді, Исатай және Жылыой аудандары прокурорының орынбасары болды.
Жалмұрзин жалпы бақылауды, ал Ищанов "қылмыстық" блокты қадағалайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript