Екібастұз маңында пойыз бен жүк тиегіш көлік соқтығысып, бір адам мерт болды
Сурет: видео скрині
Павлодар облысында пойыз жүк тиегіш көлікті соғып кетті, жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға Екібастұздың шетіндегі Лесхоз ауылының маңында болған. 49 жастағы жүргізуші теміржолды кесіп өтерде пойызды байқамай қалған. Бұл маңдағы шойын жолға шлагбаум орнатылмаған.
КТК телеарнасының хабарлауынша, қатты соққыдан жүк көлігі аударылып, жүргізушісі сол жерде мерт болған. Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.
"49 жастағы жүк көтеру көлігінің жүргізушісі құрамында алпыс вагоны бар теміржол электр жүргізу көлігінің қақтығысуына жол берді. Жол көлік оқиғасынан жүк көтеру көлігінің жүргізушісі дене жарақатынан оқиға болған жерде қайтыс болды. Осы факті бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр".Екібастұз полиция басқармасының рота командирі Фаруз Көсембеков
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript