"Самұрық-Қазына" басшылығы құрамындағы шетелдіктердің саны 40% азайған
Сурет: sk.kz
"Самұрық-Қазына" компаниясының директорлар кеңесі мен бақылау кеңестерінің құрамындағы шетелдіктердің саны азайған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 26 қаңтарда Астанада өткен баспасөз брифингінде қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов айтты.
Самұрық-Қазына" компаниясында басшылық қызметтегі шетелдіктердің саны 40%-ға қысқарған.
Ғибрат Ауғанов айтуынша, 2022 жылы "Самұрық-Қазына" тобының 10 шетелдік менеджердің орнына қазақстандық маман келген. Мұндай өзгеріс, Qazaq Air, Air Astana және "жолаушылар тасымалы" АҚ компанияларында болған.
Ол сонымен бірге топ-менеджерлер саны екі есе қысқарып, бес басқарушы директордың үшеуі жаңарғанын айтты. Бүгінгі таңда үш басқарушы директор - Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript