Еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік батысында, сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Синоптиктер Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүретінін болжайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Жетісу облысының Алакөл ауданында шығыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с дейін жетеді деп күтіледі.
"Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде, сондай-ақ түнде және таңертең Түркістан қаласында да тұман болады деп болжанады". "Қазгидромет" РМК
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында боран соғып, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде Петропавлда жаяу бұқрасын жүреді. Оңтүстік батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.