Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте неке қидыратындар азайған

үйлену, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 23:16 Cурет: pixabay
Шымкентте ажырасу фактісі жиіледі. Бұл туралы қалалық азаматтық істер жөніндегі сот алқасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, тұрғындар судьяның қызметіне мүлкін бөлу немесе ажырасқан соң балаларының кімде қалатынын анықтау үшін жүгінеді. 

"Неке және отбасы қатынастарынан байланысты туындайтын даулар 695-ке немесе 10,2%-ға артып отыр. 6 800 іс тіркелсе, оның 4 781 арызы немесе 70,3%-ы неке бұзуға байланысты дау болған . Өкінішке қарай, бізде неке бұзу бойынша көрсеткіш азаймай тұр".Шымкент сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұхтар Пәрменов

Шымкентте сотқа жүгінбей-ақ, ажырасқандар саны 3% азайған. Бұл - неке бұзудың ең оңай жолы. Ол үшін электон үкімет порталында өтініш қалдырса, қалған процесс онлайн болады.

"2021 жылдың қаңтар-қараша айларында ажырасу саны 667 болса, 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында 647 жұп некесін бұзған. Біздің қаламыз неке қию бойынша елімізде 7-орында, ал ажырасу бойынша 10-орында тұр".Шымкент қалалық статистика департаментінің бас маманы Салтанат Имашева

Ал Шымкентте отбасын құруға өтініш тастаушылар саны азайған. Былтыр 6 600-ден астам жұп неке қидырды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,5%-ға аз. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: