Әзірбайжан Ирандағы елшілігінің жұмысын тоқтатты
Сурет: pixabay
29 қаңтарда Әзірбайжан екі күн бұрын қарулы шабуылдан күзетші қаза тапқан Тегерандағы елшілігінің жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республика Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов журналистерге Әзірбайжанның Тегерандағы елшілігінің жұмысын тоқтатқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Trend.az. Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, дипломатиялық өкілдік түгелдей елшіліктен шығып кеткен, дипломатиялық қызмет тоқтатылған.
"Дипломатиялық өкілдіктің әкімшілік ғимараты мен мүлкін қорғау үшін елшілікте бес адам қалады, бірақ олар дипломатиялық қызметпен айналыспайды", - деді Халафов.
Қаңтардың 27-сі күні Тегерандағы Әзірбайжан елшілігінің ғимаратына пулемет асынған ер адам басып кірді. Ол күзет бекетінде Калашников автоматынан оқ жаудырып, қауіпсіздік қызметінің басшысын өлтірген. Тағы екі күзетші жарақат алды. Шабуыл жасаған адам қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript