ЕО жасыл энергиядан қыруар қаржы үнемдеді
Сурет: pixabay
Еуроодақта баламалы қуат көздерін пайдалану қарқын алып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Былтыр электр қуатының шамамен төрттен бірі жасыл энергия көздерінен өндірілген. Ал көгілдір отыннан алынған қуат көлемі 20 пайызды құрапты, деп жазады Хабар 24 телеарнасы.
Нәтижесінде газға қарағанда баламалы энергияны пайдаланудың үлесі артып, миллиардтаған доллар үнемделген. Эмбэр ((Ember)) сараптама орталығының есебі бойынша Еуропа елдері арасында күн мен желден алынатын энергияны ең көп Германия өндірген екен.
Содан кейін Швеция, Дания, Венгрия мемлекеттері тұр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript