Қазақстанда коронавирусқа шалдығушылар саны күрт төмендеді
Сурет: pixabay
Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 27 жағдайы тіркелді, бұл алдыңғы күнгі көрсеткіштен үш есе аз. Ол кезде 76 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Денсаулықтау сақтау министрлігінің 5 ақпандағы мәліметі бойынша, елімізде 1 571 адам коронавирус инфекциясынан (–1 418+ және 153 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 121-і стационарда, 1 450 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- жағдайы ауыр - 7 адам,
- жағдайы өте ауыр - 0,
- ӨЖЖ аппаратында жатқандар - 0.
Денсаулық сақтау министрлігінің 4 ақпандағы есебінде бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылғаны айтылған, сондай-ақ тағы екі науқастың " жағдайы өте ауыр" деп көрсетілген еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript