Жаңалықтар тізбегі
0

Түркияда тұратын қазақстандықтар зілзала салдарымен қалай күресіп жатқанын айтты

Түркияда жойқын зілзала орын алды, сондағы қазақстандықтар жағдай жайында айтып берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2023 15:38 Сурет: Anadolu Agency
6 ақпан күні таңертең Түркияда бірнеше күшті жер сілкінісі болды. Кейінірек Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 7,8 болатын тағы бір күшті жер сілкінісі тіркелді. Ыстамбұл мен Анталияда тұратын қазақтар елдегі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің соңғы мәліметі бойынша, қаза тапқандар саны 3419-ға жетіп, 20534 адам жарақат алған.

Аты-жөнін жасырғысы келген Стамбулдық қазақстандық әйел ZTB арнасына «елдегі жағдай қорқынышты, халықтың бәрі күйзеліске ұшырады» деп мәлімдеді. 

"Мен ешқандай дүмпуді сезбедім, бірақ біз жаңалықтарды қадағалаймыз, төлқұжаттарымыз бен ақшамызды өзімізде сақтаймыз", - деп қосты ол.

Оның айтуынша, құтқарушылар жетіспейді.

"Жергілікті тұрғындар да көмектесіп жатыр, ақша жинап, гуманитарлық көмек жариялап жатыр. Бірақ, өкінішке орай, жылы кілем мен көрпенің бағасын әдейі көтеріп жіберген ұятсыздар да бар".

Анталияда тұратын Лаура зардап шеккендерге заттармен көмектесуді жоспарлап отыр.

«Бұл қайғылы оқиғаның ауқымдылығы соншалық, кейбір аймақтарда көмек мүлдем жеткіліксіз, адам аз. Жағдай өте қиын».

Бірқатар күшті және жойқын жер сілкінісінен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметіне Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.

7 ақпанда қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер Түркияға ұшып кетті. Сондай-ақ, Қазақстан жедел жәрдем техникасы мен медициналық құрал-жабдықтарды жөнелтуде.


"Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері авариялық-құтқару техникасымен: гидравликалық және пневматикалық құралдармен, гидравликалық домкраттармен, пневматикалық домкраттармен, чиптермен, перфораторлармен, жарықтандыру құрылғыларымен, шатырлармен, спутниктік терминалмен, рамалық модульмен, көліктермен қаруланған". Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: