Батысқазақстандық жүргізушілер сұйытылған газдан тарығып отыр
Сурет: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысының автокөлік жүргізушілері газдан тарығып отыр. Өңірдегі газ құю стансаларының кейбірінде газ талонмен сатылса, енді бірінде мүлдем жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана" телеарнасының хабарлауынша, салаға жауапты шенеуніктер аймақтағы газ тапшылығы әдеттегідей атыраулық мұнай өңдеу зауытына байланысты деп отыр.
Кәсіпорын екі аптаға жөндеуге жабылған. 22 ақпанда ғана іске қосылады. Бүгінде өңірдегі газ толтыру стансаларында тек төрт күнге жететін газ қалды, бірақ жағдайды реттейміз дейді.
Олардың айтуынша, газ Ақтөбе облысы мен жергілікті газ кенішінен жеткізіледі.
"Мұнай мәселе бұрын жылына бір-екі рет болатын. Қазіргі таңда екі ай сайын қайталанып отыр. Мұның барлығы мұнай өңдеу зауытының жоспардан тыс жұмысын тоқтатуына байланысты. Енді алдағы уақытта осы мәселелерді болдырмас үшін облыс әкімдігі мен энергетика министрлігі арасында келіссөздер жүргізіледі. Алдағы уақытта осындай келеңсіз жағдай болған жағдайда басқа зауыттан алу жоспарланып отыр". Батыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қанат Өмірәлиев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript