Еліміздің 3 өңіріндегі бірқатар тасжолда қозғалыс шектеледі
Сурет: Zakon.kz
Қолайсыз ауа райына байланысты Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы бірқатар тасжолдағы қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының хабарлауынша, автокөліктің кез келген түрі үшін мына тасжол учаскелері жабық:
- Алматы-Өскемен тасжолының Байсерке ауылынан Қонаев қаласына дейінгі аралығы;
- Алматы-Шелек-Қорғас тасжолының Арман ауылынан Байсейіт ауылына дейінгі аралығы;
- Алматы-Ташкент-Термез тасжолының Айша-бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығы;
- Алматы-Ташкент-Термез тасжолының Жамбыл облысынан Машат ауылына дейінгі аралығы;
- Алматы-Өскемен тасжолының Первомайка ауылынан Өтеген-Батыр ауылына дейінгі аралығы;
- Қордай асуының айналма жолы.
"Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады. Республикалық автожолдар желісінде 515 арнайы техника мен 980 маман жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript