Өткен тәулікте елімізде 93 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған
Сурет: freepik
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19-ды жұқтырудың 93 жағдайы және коронавирусқа ұқсас пневмонияны жұқтырудың 4 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
11 ақпандағы мәлімет бойынша, елімізде 1 670 адам коронавирус инфекциясынан (–1 508+ және 162 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 137 науқас стационарда, 1 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 4 науқастың жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бір күн бұрын Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 94 жағдайы тіркелген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript