Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында жыл басынан бері өрттен бес адам қаза тапқан

өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2023 12:07 Сурет: Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы
2023 жылдың басынан бастап бүгінге дейін Жамбыл облыс аумағында 57 өрт тіркелді, салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының хабарлауынша, өңірде өрттің салдарынан келген материалдық шығын 10 млн 480 мың теңге болған.

Жүргізілген талдауға сәйкес, тұрғын үй секторында болған өрттердің 22%-дан астамы немесе 13-і тіркелген, отты абайсыз пайдалану салдарынан 7 жағдай тіркелді, бұл - облыс бойынша жалпы өрттің 12%-ы.

Ведомство 2022-2023 жылғы жылыту кезеңі қарсаңында халықтың әлеуметтік осал тобы тұратын 6 288 тұрғын үй есепке алынғанын хабарлады.

"Профилактикалық жұмыстар барысында 1 693 тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының 2 981 ақауы анықталды, негізінен электр техникалық желілері мен электр жабдықтары, автономды жылыту жүйелерін пайдалануға байланысты. Қазіргі уақытта өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша 1 164 ақау реттелді. Газдың және жану өнімдерінің қауіпті концентрациясын анықтау үшін тұрғын үйге датчиктерді орнату жұмыстары жалғасып жатыр.Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: