Түркістан облысында бәйшешек гүлдеді
Сурет: Telegram/otyrarkz
Түркістан облысында көктемнің алғашқы гүлі – бәйшешек гүлдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Гүлдеп тұрған бәйшешектерді Сырдария – Түркістан өңірлік табиғи саябағының аумағынан көруге болады. Бұл туралы Оtyrar.kz хабарлады.
Бәйшешек жылы климатқа байланысты бірінші болып Қазақстанның оңтүстік аймақтарында гүлдейді. Елдің солтүстігінде оларды наурыз айының соңынан бастап тамашалауға болады.
Бәйшешек Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген. Оларды жұлуға тыйым салынған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript