Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада ойыншық бөлшегін жұтып қойған екі бала өлім аузынан қалды

Астаналық екі сәби өлім аузынан қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2023 22:20 Cурет: astanatv.kz
Астанада екі бала өлім аузынан қалды. Олар ойыншықтың бөлшегін жұтып қойған. Дәрігерлер балалардың ішінен затты алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, екі балаға да ота жасалған. Біріншісіне небәрі 11 ай. Ұл баланың жағдайы аса қауіпті еді, дәрігерлер оны аман алып қалды. 

"Ішек инфекциясы бойынша тексеріп, рентген арқылы шарларды жұтып қойғанын анықтадық. Жіңішке ішектің ішінде өсе бастағандықтан, құсу тоқтамады. Операция әжептеуір қиындық туғызды".  №2 көпбейінді қалалық аурухананың хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Серік Баймолдин
Астаналық екі сәби өлім аузынан қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2023 22:20

Cурет: astanatv.kz

11 айлық баланың 1,5 жастағы көршісі де ойнап жүріп, осы затты жұтып қойған. 

"Үйдегі кішкентай 9 жастағы сіңілім соны алып ойнаған. Ол шашылғаннан кейін балалар маржан деп жұтып қойған. Осында келгеннен кейін гидрогель шар екенін түсіндік. Қазір баланың жағдайы жақсы, шүкір. Қазіргі балалардың барлығында сол ойыншық бар. Сондықтан сатылымнан алып тастаса да, жақсы болатын еді".  Анасы Дариға Дәулетбай
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: