Алматы облысындағы Бесағашта 600 отбасы сусыз қалуы мүмкін
Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында 600 отбасы көктемде мүлдем сусыз қалуы мүмкін. Бесағаш ауылындағы саяжай бірлестігінің тозығы жеткен су құбыры қыс бойы жарылып шыққан. Қазірдің өзінде екі саяжайдағы тұрғындар екі күннің бірінде сусыз отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ал ақауды реттеуге су таратып отырған жеке кәсіпкердің де шамасы келмейді. Себебі қыруар қаржы керек. Жергілікті шенеуніктер кінәні тұрғындардың өзіне жауып отыр.
"Көрген күніміз осы. Ішкеніміз тұзды су. Кейде бар, кейде жоқ. Жазда мүлдем болмай қалады. Өіміріміз су тасумен келе жатыр. Қиын ғой, шырағым. Дәрідәрмегіміз бар, оның бәрін әйтеуір ілдәләп жеткізіп жатырмыз ғой, ақырынақырын. Үйге жақын жерде тұратын балалар, қонақ келіп тұрады. Келерде «су ала келіңдер» деп хабарласамыз. Өздері ішетін суын ала келеді. Әйтпесе су жетпейді". Алматы облысының тұрғыны Тәліпбай Әбілмәжінов
Тұрғындардың айтуынша, екі саяжайдағы 600-ден астам үй судан тарығып отыр. Өйткені құбырлар ескіріп кеткен. Соның кесірінен, аптасына үш күн сусыз отырамыз дейді.
"Ауылымыздың чатына судың иесі Алмагүл тәте сәуірден бастап "суды өшіремін" деген хабарлама жіберді. Енді соған жиналып шықтық. Себебі біз судан қиналып отырған халықпыз. Өйткені бізге қаладан да су келмейді. Осы кісінің арқасында су алып отырмыз. Ол кісінің өшірейін деп жатқан себебі: құбырлар тозған". Алматы облысының тұрғыны Жанар Нүсіпова
Су шығатын құдық жекеге тиесілі. Кәсіпкердің сөзінше, тоз-тозы шыққан құбырлардың кесірінен су ысырап болып далаға кетіп жатыр. Құбырды тұрғындар өз есебінен ауыстырмаса, суды мүлдем өшіріп тастайтынын растады.
"Өмірі қыста жарылмайтын. Осы қыста жарылды. Су беруге мүмкіндік жоқ. Сол үшін мен бірінші сәуірде өшіремін деп, халыққа, әкімдікке хабар таратып жатырмын. Мынаны жасамайынша, мен су бере алмаймын, тоқтатамын". Жеке кәсіпкер Алмагүл Ахметшиева
КТК телеарнасының хабарлауынша, саяжайдың төрағасы мүлдем хабарсыз кетіпті. Ал әкімдіктегілер саяжайға тұрақтап алған тұрғындардың өзін кінәлады.
"Ол не үшін құрылған? Адамдар жазда үш ай осы жерге келіп, бақшасын егіп, жинап, қыста кетуі керек. Мынаны енді паналап, үй қылып алған, бірақ мына жерге үлкен жоба алып келе жатырмыз. Кәдімгідей 6 миллиардтық жоба. Ол 2019 жылдан бері басталған. Сараптамадан өтпей, биыл ғана орнынан қозғалды. Ауданның алдындағы әкімі бұларға уәделесіп кеткен. Су осы жерден өтеді, бес шақырымға дейін. Сол жерге дейін су жүрсе, бұларға қалдырып кетеміз".Бесағаш ауылы округінің әкімі Ернар Жүнісов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript