Астананың егде жастағы тұрғындары тіл мен жаңа мамандық меңгеріп жүр
Шет тілін үйреніп жатқан Гүлжахан Жамбылованың жасы 76-да. Ол 39 жыл жоғарғы оқу орнында дәріс берген. Ол енді университетке оқытушы емес, студент ретінде келіп отыр.
"Қызық! Үйреніп жатырмыз, оқып жатырмыз. Тіл білген жақсы ғой, көп нәрсені үйренесің, өмірді үйренесің, адаммен қарым-қатынасың жақсарады, біреумен өз тілінде сөйлесіп отырсаң, жақсы ғой, жақсы қарайды ғой, бұл оған да ұнайды ғой. Бізге де біреу қазақша сөйлесе бізге ұнайды ғой. Мүмкіндік болса, Францияға барамын. Әлі қартайып отырған жоқпыз". Зейнеткер Гүлжахан Жамбылова
Егде жастағыларға жаңа мамандық меңгеруге көмектесетін бұл орталықта 12 бағыт бойынша 100-ден астам адам білім жатыр. Әсіресе, тіл меңгеру курстары мен цифрлық сауаттылық дәрістеріне сұраныс жоғары. Бүгінде 300 адам сертификат алған.
"Әр топты бір әдіспен оқытуға болмайды. Себебі әр топтың тіл меңгеру деңгейі әртүрлі. Сондықтан мен сабаққа дайындалу барысында франциялық және ресейлік оқытушыларының әдістерімен дәріс беремін. Бір айдың өзінде тыңдаушыларым француз тілінде сөйлей бастады". Француз тілінің мұғалімі Людмила Игоревна
Дәрістер 8-ден 72 сағатқа дейін жоспарланған. Курсты толығымен өткендерге арнайы сертификаттар беріледі. Қалада осындай 4 орталық жұмыс істейді. Олар Есіл, Байқоңыр, Сарыарқа, Алматы аудандарында орналасқан. Ай сайын орталыққа 6 500-ден астам адам келіп, түрлі курсқа қатысады.
"Әрбір орталықта қызмет көрсететін жерлеріміз бар. Сол жерде бүгінде 40 адам тренер болып, үйірмелерді басқарып, істейтін кісілер бар. Әсіресе, әйелдер үш жерде шәлі, макраме тоқиды. Әдемі-әдемі заттарды шығарып, балабақшаға, мектепке сыйлық ретінде береді". Белсенді өмір сүру орталығының директоры Мұхтар Дүйсенұлы
Айта кетейік, бүгінде Қазақстан бойынша мұндай 52 орталық бар.