Қазақстан мен Қырғызстан Түркияға 84 киіз үй жеткізіп, орнатып берді
Сурет: Twitter/@ilmfeed
Қазақстан мен Қырғызстан Түркияға зілзаладан зардап шеккендерге көмек ретінде 84 киіз үй жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған гуманитарлық жүк ilmfeed-тің хабарлауынша,Кахраманмараш провинциясына жеткізілген. Киіз үйлер футбол алаңына орнатылып, баспанасыз қалғандарға уақытша тұрақ болмақ.
Сурет: Twitter/@ilmfeed
6 ақпанда Түркияда 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды.
8 ақпанда Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды.
14 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жолдауды тапсырды.
15 ақпанда киім-кешек (қыстық киім мен шалбар), шатырлар, темір кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын басқа да қажетті заттар жіберілетіні белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript