Өткен тәулікте елімізде 63 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған
Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда бір тәулікте COVID-19-ды жұқтырудың 63 жағдайы тіркелген. Бұл - алдыңғы 90 науқаспен салыстырғанда 30 пайызға кем көрсеткіш, деп хабарлайды Zakon.kz.
Коронавирус белгілері бар пневмонияны жұқтыру жағдайлары анықталған жоқ. Алдыңғы күнгі мәліметтер бойынша, оны 3 адам жұқтырған.
19 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 668 адам коронавирус инфекциясынан (–1 493+ және 175 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 112 науқас стационарда, 1 556-сы амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 4 адамның жағдайы ауыр,
- 4 науқастың жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript