Айнұр Тұрсынбаеваның таңғажайып оқиғалар туралы желідегі жазбасы көптің көзіне жас үйірді
Сурет: видеодан алынды
Түркияда тұрып жатқан айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева зілзаладан кейінгі таңғажайып оқиғалармен бөлісіп, желіде жазба жариялады. Ол "сусыз 3 күннен кейін адам өледі" деген тұжырымды жер сілкінісінен соң 11 күн өткенде табылған сәби күлпаршасын шығарғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қайда әлгі ғалымдардың "бала 2 сағат сайын қоректенбесе аштан өледі" дегені?! "Мүлде су ішпесе 3 күннен соң шөлден өледі" дегендері ше?! 11 күн бойы қалай жыламаған мына періште? Жыласа ішегі үзіліп кететін уақыт болды ғой...Туғанына 10 ақ күн болған нәресте суық жерде сусыз, сүтсіз қалай сап-сау 7 күн жатқан?! Кім оларға күш берген?! "Қалың тон киіп алсақ та жылына алмай жатырмыз", - дейді құтқарушылар, мына балаларды кім жылытқан? Қараңғы жерде, қара тастың астында бәлен күн аман жатқан балалар Алланың құдіретін көрсетпей ме?!", делінген ақын жазбасында.
Сондай-ақ ол зілзаладан кейін орын алған тағы бірнеше ғажап жайттан келтіреді.
"Клиникалық өліммен бір өліп бір тірілген еркекке өлім періштесі келіп, қойған сұрақтарын естідіңіздер ме? "Менің 2 баламды құтқарыңыздаршы, дәл мына жерде жатыр" деп құтқарушыларды шақырып алып, артынан жок болып кеткен әйел ше?! Балалар құтқарылды, бірақ білетіндер олардың шешесі 4 жыл бұрын қайтыс боп кеткенін айтып жатыр... Бұл не ғажап?.. Бұл түрік халқына келген сынақ, адамзатқа сабақ!". Айнұр Тұрсынбаева
Сөйткен ақын мұның барлығы Алла Тағаланың құдіреті, "Назиғат" сүресінің 6-7 аяттары оған мысал екенін жазып, барша мұсылманды иманын күшейтуге шақырады.
Айта кетсек, Түркиядағы жер сілкінісінен кейін 12 тәулік өткен соң үш адам құтқарылды. Оның ішінде бала да бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript