Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда бизнеске рейдерлік жасау фактілері бойынша 19 қылмыстық іс тергелген

ҚР Бас прокуратурасы, рейдерлік, бизнес, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 13:11 Сурет: pixabay
2022 жылы құқық қорғау органдары рейдерлік фактілер туралы 19 қылмыстық істі тергед, ал 2021 жылы 11 тергелген еді. Тергеу қорытындысы бойынша 2 іс сотқа жіберілді (2021 жылы 4 іс), деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейдерлік ел экономикасының қалыптасуы мен дамуына теріс әсер етеді, кәсіпкерлік негіздерін бұзады, еліміздің инвестициялық тартымдылығын төмендетеді.

Бас прокуратурада рейдерлікке қарсы іс-қимыл және кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау мәселелері талқыланды. Қылмыстық процесте бизнесті қорғау құқық қорғау және арнайы органдар жұмысының негізгі бағыттарының бірі болуға тиіс екендігі атап өтілді. Дәл осы салада кәсіпкерлер ең қатал қысымға тап болады.

Елде осы санаттағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар жоспарлы түрде қабылданып жатыр.

  • 2011 жылғы қаңтарда рейдерлік үшін қылмыстық жауапкершілік алғаш рет енгізілді (бизнесті және мүлікті заңсыз басып алуға қарсы іс-қимыл туралы заңмен).
  • 2021 жылғы шілдеде Қылмыстық кодекстің 249-бабы осы қылмысты жасаудың жаңа тәсілдерімен толықтырылды. Осы бап бойынша жауапкершілік күшейтілді. Құрамы ауыр қылмыстар санатына жатады. Құқық қорғау, бақылау және өзге де органдардың ресурстары мен өкілеттіктерін пайдалана отырып не сот тәртібімен басып алу орын алған кезде "сыртқы, күштік" рейдерліктің жаңа құрамы енгізілді.

2022 жылғы 14 желтоқсан күні ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік әрекет жасады деген күдікпен Қоспаев пен оның сенімді өкілдеріне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркегенін мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: