Астана әуежайы жазда жөндеуден өтеді
Сурет: Zakon.kz
Астананың халықаралық әуежайының ұшу-қону жолақтары жөнделеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшу-қону жолақтары 2023 жылғы 15 шілдеден 8 тамызға дейін жоспарланған.
Бұл уақыт құрылыс кезеңінің неғұрлым қолайлы болуына байланысты таңдалған.
"Жөндеу жекелеген учаскелерде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын ауыстыру жолымен жүргізілетін болады, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз ету бойынша жарық сигнал беру жабдығын жөндеу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript