Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстаннан қанша шетелдік қылмыскер экстрадицияланды

ҚР Бас прокуратурасы,экстрадиция, қылмыскер, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2023 12:02 Сурет: pexels
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қылмысқа қарсы іс-қимыл және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету саласында шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 2022 жылы Бас прокуратура шет мемлекеттердің ұстап беру туралы 90-нан астам сұрау салуын қарап, оның 80-ін қанағаттандырған.

"Қазақстанның негізгі әріптестері Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан болып табылады, олармен экстрадициялау мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың ең үлкен көлемі атап өтіледі. Аталған мән-жайлар мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің ұқсастығына, олардың географиялық орналасуының жақындығына және көші-қон ағындарының қарқындылығына байланысты".ҚР Бас прокуратурасы

Қылмыс санаттары бойынша адамдар негізінен алаяқтық, ұрлық, адам өлтіру, есірткінің заңсыз айналымы үшін беріледі.

  • Мысалы, Ресей Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша 2022 жылы осы елдің азаматы А.Ж. Урзагулов мемлекетаралық іздеуде болған және Ақтөбе облысының аумағында ұсталған. Ресейдің құқық қорғау органдары оны Н.М. Жумагазиевті атыс қаруымен топтық өлтірді деп айыптады.
  • Орынбор облыстық сотының үкімімен А. Ж. Урзагулов аталған қылмысы үшін 15 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
  • 75 000 АҚШ доллары сомасына алаяқтық жасағаны үшін Өзбекстанға берілген Г.Т. Нәбиев Самарқанд қалалық қылмыстық сотының үкімімен 9 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
  • Сондай-ақ өткен жылы ресейлік құқық қорғау органдарына Давлатов С.Т., Авдеев С. В., Алиев Р. Х. және Транда Е. В. ауырлататын мән-жайларда адам өлтіргені үшін; Р. С.Хатов, А. А.Соколов, Х. М. Гадамаури есірткі сатқаны үшін берілді.
  • Грузия Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Р.М. Чхиквадзе денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін, Қырғыз әріптестерінің сұрау салуы бойынша қарақшылық жасағаны үшін Н. К. Құрманбеков берілді.
"Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа бірігуі бізге алыс шет елдерден келген шетелдік әріптестермен тиімді өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. Мұндай ынтымақтастықтың құқықтық негізі біздің мемлекетіміз қатысатын екіжақты және көпжақты шарттар болып саналады".ҚР Бас прокуратурасы

Экстрадициялау туралы шарттары жоқ елдермен адамдарды ұстап беру туралы мәселелер халықаралық құқықта қолданылатын өзара іс-қимыл қағидаты негізінде қаралады. Бұл ретте, Қазақстан әрекетті қылмыс ретінде өзара тану талабын басшылыққа алады.

Атап айтқанда, соңғы жылдары АҚШ, Түркия, Литва құзыретті органдарының сұранысы бойынша іздеуде жүрген адамдар берілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: