Астана полицейлері қала тұрғындарына жолға шықпауды ескертті
Сурет: Zakon.kz
Астана полицейлері қала тұрғындарына қолайсыз ауа райына байланысты жолға шықпауды ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Астана полиция департаменті ауа райының нашарлауына және жауын-шашынның түсуіне, сонымен бірге қатты тайғақ мұздың пайда болуына байланысты сапарға шықпауды ескертеді. Мүмкіндігінше абай және мұқият болыңыз!" Астана полиция департаменті
Ведомствоның хабарына қарағанда, көлік құралдарының барлық түрі үшін қала сыртындағы барлық бағыттағы қозғалыс жабық болады.
Айта кетейік, Астанада 24 ақпанда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript